Италияда спорт журналисі Лука Эспозито қатыгездік салдарынан көз жұмды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Rai News телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, журналистің мәйіті Салерно провинциясындағы Эболи муниципалитетіне қарасты ауыл шаруашылығы алқабынан табылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам аяусыз соққыға жығылып, салдарынан сүйектері сынған. Кейін оның мәйіті өртелген. Марқұмның жеке басы Эспозитоның атына тіркелген, жақын маңда тұрған автокөлік арқылы анықталған.
Қазіргі уақытта полиция қылмыстың мән-жайын тергеп жатыр. Қылмыстың себебі мен күдіктілердің жеке басы әзірге анықталған жоқ.
53 жастағы Лука Эспозито футбол тақырыбын тұрақты түрде жазып жүрген журналист болған. Ол TuttoSalernitana.com спорттық сайтының редакторы қызметін атқарған.