Эстрада жұлдызы ақынмен арадағы шығармашылық қайта жаңданғаны туралы жазды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
"Қайнар Алагөзов. Ақын інім, жақын інім, жерлес інім. Менің ән қоржынымдағы көп әннің сөзін жазып келе жатқан талантты қаламгер. Араға біраз уақыт салып, жаңа альбомым үшін қайтадан қалам тербеді. Осындай шығармашылық тандемнің болғанына әрдайым шүкіршілік етемін", - деді Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оны бұл жазбасын ақын да жауапсыз қалдырмаған.
"Рахмет, Еркетай! Сіздің достық, бауырлық ықылас-пейіліңізге алғысым шексіз. Райым бауырыммен бақытты ғұмыр кешіңе тілекшімін", - деп жазды Қайнар Алагөзов.