$ 456.56
 530.52
 5.28

Дастан Сәтпаевтың жарақаты жеңіл болмай шықты: бапкер мәлімдеме жасады

Редактор
07.09.2026, 15:09
әлеуметтік желі
әлеуметтік желі
Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты бірнеше апта алаңға шықпайды

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы «Бернли» клубының бас бапкері Ники Хайен мәлімдеді.

Бапкердің айтуынша, футболшының жарақаты мұқият бақылауды қажет етеді. Ол Сәтпаевтың маусымалды дайындығы толыққанды болмағанын да атап өтті.

«Иә, өкінішке қарай, ол бірнеше аптаға қатардан шықты. Бұл - аса мән беруді талап ететін белгілердің бірі. Бұған дейін айтқанымдай, ол маусымалды дайындықтан өткенімен, ол толыққанды болған жоқ. Біз ойыншыларға қажетті жүктемені бере отырып, оларды барынша сақтауға тырысамыз», - деді Ники Хайен.

Еске салайық, Сәтпаев «Мидлсброға» қарсы кездесуде негізгі құрамда ойнап, матчтың үздік ойыншысы атанған еді. Алайда 81-минутта алаңнан ауыстырылған кезде санының артқы тұсын ұстап кеткен. Кейін оның сіңірінен жарақат алуы мүмкін екені хабарланды.