$ 465.74
 531.08
 5.92

Дастан Сәтпаевты командада қалдыру қажет – «Челси» жанкүйері

Редактор
24.07.2026, 11:40
Фото: Gettyimages
Фото: Gettyimages
Жақында футболшының болашағына қатысты шешім қабылданады.

«Челси» клубы туралы жазатын Against the World жанкүйерлік аккаунты Лондон клубына Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевты негізгі құрамда қалдыру қажет деген пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Николас Джексон мен Лиам Делапты құрамнан шығару керек. Оларды не толыққанды трансфермен сату, не бір маусымға жалға беру қажет. Ал Эмануэль Эмега мен Дастан Сәтпаевтың командада қалғанын қалаймын», – деп жазады дереккөз команда шабуылшылары арасындағы жағдайды бағалай отырып.

Еске салайық, Дастан Сәтпаев «Челси» сапында маусым алдындағы дайындықты жалғастырып жатыр. Осы дайындық қорытындысы бойынша клубтың бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық футболшының болашағына қатысты шешім қабылдайды. Сәтпаев бұған дейін Лондон клубының сапында өткен екі жолдастық кездесуге қатысып үлгерді.