Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі сырт алаңдағы матчта Кипрдің «Омониясымен» кездесті, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Кездесу Никосия қаласындағы GSP стадионында өтті. Матчтың бас төрешісі португалиялық Густаву Коррея болды.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері белсенді болды. 13 минутта кипрлік клуб ойыншысы Панайотис Андреу Әділет Садыбековтың өз айып алаңына жасаған сәтсіз пасын тиімді пайдаланып, есеп ашты.
Осы голдан кейін қонақтар шабуылдарын үдетіп, қауіпті сәттер жасай бастады. Кезекті шабуылдардың бірінде алаң иелерінің қорғаушысы алматылық клуб ойыншысын ереже бұзып тоқтатты. VAR жүйесі арқылы эпизодты қайта қараған төреші алаң иелерінің ойыншысын алаңнан қуып, «Омонияны» бір ойыншыға кем қалды.
Ойыншы басымдығына ие болған алматылықтар қысымды күшейтіп, үзіліске дейін есепті теңестіруге бірнеше мүмкіндік алғанымен, оларды пайдалана алмады.
Екінші таймда қазақстандық команда ойын тізгінін өз қолына алып, шабуылда басымдық танытты. Дегенмен қарымта шабуылдарға да жиі тап болды. Азамат Тұяқбаевтың алыстан бағыттаған соққысы кипрлік клубтың қақпа бағанасынан кері қайтты. Алайда матч соңына дейін есеп өзгермеді.
Қарымта кездесу 29 шілдеде Алматыда өтеді.