$ 467.65
 533.26
 5.96

Бөтен көлікті соғып кеткен елордалық жүргізуші бір айға қамалды

Редактор
23.07.2026, 09:46
Видеодан алынған скрин
Видеодан алынған скрин
Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған. 

Астана қаласында жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін 30 тәулікке қамалды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Астана қаласында Сарайшық көшесі, 7/1-үйдің маңында көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізуші Chevrolet Cobalt автокөлігін кері бағытта жүргізу кезінде жол жиегінде тұрған BYD Han автокөлігіне соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Жүргізуші анықталып, ұсталды. Сот шешімімен оған 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Астана қаласының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу заңнама талаптарын бұзу болып саналатынын және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.