$ 467.65
 533.26
 5.96

Блогер Дархан Жолшыбеков ұзақ уақыт неге көрінбей кеткенін айтты

Редактор
23.07.2026, 21:32
Фото: Видеоскрин
Фото: Видеоскрин
Оның 3 млн оқырманы бар.

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әлеуметтік желідегі белсенділігін қолға алды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұған дейін ол үйінде ұтыс ойнатқаны үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің назарына іліккен еді. Ұтыс арқылы блогер 1,5 млрд теңге жинаған. Блогерге 50 мыңға жуық адам 30 мың теңгеден жіберген.

Осы оқиғадан кейін ол желідегі парақшасын барлық контенттен тазартып, көрінбей кеткен болатын. Ал бүгін ол өз аудиториясына қайта оралды.

"Сәлем! Іздеп қалмадыңыздар ма? Интернеттегі өсектерге сене бермеңіздер. Бәрі жақсы. Жәй ғана демалып, өзіме көңіл бөлумен болдым", - деді блогер.