$ 470.28
 537.53
 5.99

«Біраз қинаймын»: Жәнібек Әлімханұлы суперорта салмақта өнер көрсетеді

Редактор
21.07.2026, 11:49
Фото: janibek_alimkhanuly / Instagram
Фото: janibek_alimkhanuly / Instagram
Бұл салмақта атақты боксшылар бар.

Кәсіби бокста қарсылас шыдатпай келген, кейін допинг дауына ілігіп, рингтен алыстап қалған Жәнібек Әлімханұлы маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

«Орта салмақты біраз шулатып, екі бірдей Әлем чемпионы титулын иелендік! Qazaq style-ды осы салмақта әлемдік аренаға алып шықтық. Орта салмақ боксшыларының түнгі қорқынышы атандық. Талай қызықтар мен қиындықтарды, қуаныштар мен сәтсіздіктерді де осы салмақта бастан өткердік! Осы салмақта әнұран шырқатып, көк ту желбіреттік! Жанкүйерлерге естен кетпес өнер көрсетіп, жарқын нокауттар сыйладық!», – деп жазды боксшы.

Сондай-ақ ол ендігі мансабын суперорта салмақта жалғастыратынын мәлімдеді.

«Суперорта салмақта біраз атақты боксшылар бар. Менің салмағымда болғандар қазір осы суперорта салмақта өнер көрсетіп, чемпион атануда. Соларды біраз қинайық. Бұл шешімді америкадағы командамызбен, промоутер және менеджермен ақылдаса отырып, мақсат қоя қабылдадық Бұрыннан айтып жүретініміздей, біз 3-4 салмақтың чемпионы боламыз, бұйыртса!  Ал, жанкүйерлер! Суперорта салмаққа қош келдік!», – деді Ж. Әлімханұлы. 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау