$ 456.56
 530.52
 5.28

Баян Мақсатқызы: «Қазіргі жастарға жар таңдау қиын»

Редактор
07.09.2026, 18:52
Әлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден
Ол ерлі-зайыптылардың арасында ортақ қызығушылық болғаны маңызды екенін атап өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі продюсер Баян Мақсатқызы Talk Like YouTube арнасына берген сұхбатында қызы Айарудың білімі мен қазіргі жоспарлары туралы айтты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Продюсердің сөзінше, Айару америкалық жоғары оқу орнын үздік бітірген. Алайда Айарудың білім алуға деген қызығушылығы жоғары.

«Айару америкалық жоғары оқу орнын үздік бітірді. Ол – халықаралық маман. Қаласа, медиа саласында да еркін жұмыс істей алады. Бірақ ол оқуды қатты жақсы көреді. Оқуды мен емес, Айару жақсы көреді», – деді Баян Мақсатқызы.

Оның айтуынша, Айару қазір неміс тілін үйреніп жүр. Бұған дейін француз тілін меңгерген. Сонымен қатар гольф ойнауды және фортепианода ойнауды үйренген.

Қазір продюсердің қызы Францияда кондитерлік өнерді оқып жатыр. Ол бұл елге жарты жылға кеткен.

«Мен оған: «Мұның бәрі саған не үшін керек? Сен онсыз да қаншама рецепт білесің ғой», – дедім. Бірақ ол өзінің кондитерлік кәсібін ашу үшін сертификаты бар маман болғысы келетінін айтты», – деді ол.

Баян Мақсатқызының сөзінше, Айару елге оралғанша өз кәсібіне қажетті орынды тауып, жөндеу жұмыстарын аяқтап, барлық құрал-жабдықты дайындауды жоспарлап отыр. Ол кондитерлік өнімдермен қатар, ерекше рецепті бар жартылай дайын өнімдер шығаруды да ойластырып жүр.

Продюсер қызы екеуінің жиі сөйлесетінін де атап өтті.

«Мен Айарумен ұзақ әңгімелесемін. Тіпті телефонмен сөйлескенде де ол маған өзінің барлық жоспарын айтып отырады», – деді Баян Мақсатқызы.

Оның айтуынша, балалары маңызды шешім қабылдар алдында онымен ақылдасады. Сондықтан Айару тұрмысқа шығатын болса, болашақ жарын да анасына таныстырады деп ойлайды.

Баян Мақсатқызы қазіргі жастарға, әсіресе білімді қыздарға жар таңдау оңай емес екенін айтты.

«Менің балаларым менімен үнемі ақылдасады. Айару тұрмысқа шығатын болса, маған жігітін әкеліп таныстырады деп ойлаймын. Әрине, белгілі бір бақылау болады. Бірақ Айару ақылды қыз. Сондықтан қандай жігітке тұрмысқа шығатынын өзі шешеді», – деді ол.

Продюсердің пікірінше, қазіргі білімді жастардың жар таңдауға қоятын талабы да жоғары.

«Қазіргі жастарға жар таңдау қиын. Әсіресе білімді жастар үшін. Мен өте ақылды қыздарды білемін, олардың талаптары сәл жоғары. Өйткені олар абьюздің не екенін, оның қандай болатынын жақсы түсінеді», – деді Баян Мақсатқызы.

Ол ерлі-зайыптылардың арасында ортақ қызығушылық болғаны маңызды екенін атап өтті.

«Үйленгеннен кейін де олардың ортақ қызығушылықтары болуы керек. Жігіт баласына үлгі көрсетіп, оған бір нәрсе үйрете алуы қажет. Ең бастысы, жақсы әке болуы керек. Әрине, жауапсыз, өзіне жауапкершілік ала алмайтын жігіт ешкімге керек емес. Ал ондайлар көп», – деді продюсер.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау