Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 9 сәуірде финалда ел құрамасынан кімдер шаршы алаңға шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Құрлықтық додада ел құрамасынан сегіз боксшы алтын медальды сарапқа салады. Олардың қатарында ерлерде Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), әйелдерде Бақыт Сейдіш (70 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) бар.
Бүгін қазақстандық үш боксшы шаршы алаңға шығады,
Күндізгі сессия 10:00
7-жұп. 70 келі. Бақыт Сейдіш — Арундхати Чоудхари (Үндістан)
9-жұп. 80 келі. Надежда Рябец — Рухшона Парпиева (Өзбекстан)
10-жұп. 80 келіден жоғары. Дина Исламбекова — Алфия Пазан (Үндістан).
Ел құрамасы финалға шыққан спортшылар саны жөнінен жалпы есепте Үндістанмен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.
Сондай-ақ Азия чемпионатында Өзбекстан — 7, Солтүстік Корея мен Қытай -3, Тайпей, Моңғолия, Таиланд, Иордания, Жапония -2, Тәжікстан -1 үздігіне үміт артады.