Аймақ

Атырау облысындағы «Ақ Жайық» резерватында қамыс өртеніп жатыр

17:59, 01 маусым 2025 185

Атырау маңында қамыс өртеніп жатыр. Өрт Дамба ауылынан 20 шақырым жерде, "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында шыққан, деп хабарлайды  bairaqmedia.kz

1 маусым күні сағат 11:00-дегі жағдай бойынша өрт 280 гектар жерді шарпыған.

Төтенше жағдайлар департаменті мен "Ақ Жайық" қорығы қызметкерлерінің бірлескен күшімен 50 гектар аумақтағы өрт сөндірілді. Өртті сөндіру штабы құрылды. Қазіргі таңда шамамен 30 гектар аумақта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Түнгі уақытта өрттің таралуына жол бермеу үшін минералды жолақтар жасалған.

Өрт сөндіруге 85 ТЖД қызметкері мен 13 техника, сондай-ақ "Ақ Жайық" қорығынан 25 адам, 10 техника және 2 қайық жұмылдырылған.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.

ТЖД өкілдері өртті сөндіруге батпақты жер мен қалың қамыс айтарлықтай кедергі келтіріп жатқанын айтты.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз