Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы өзін сынайтын оқырмандарына ескерту жасап, заң аясында жауап беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған.
Айман Талғатқызы өзіне бағытталған сын-пікірлерге жауап қатып, үнсіз қалуы әлсіздік емес екенін жеткізді.
«Қой, құрсыншы “Ит үреді екен деп үре берсең аузыңда не иманшылық қалады” дейтін еді әжем. Бірақ мен үндемесем болады деген сөз емес. Байқаңдар! Сендер өсектеп, өліп, тұншығып жаман энергияда жүргенде мен көп шаруаның бетін қайтарып жатырмын. Шүкір. Оны естісеңдер асылып өлетін шығарсыңдар», – деп жазды ол.