$ 469.59
 536.22
 5.96

Астанаға әлемдегі ең ірі киберспорт клубтары келеді

Редактор
22.07.2026, 18:28
Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Турнир Ұлттық теннис орталығында өтеді.

Қазақстан астанасында ауқымды мультиспорттық «Болашақ ойындары» турнирі аясында Tactical 3D/PUBG дисциплинасы бойынша халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанадағы Ұлттық теннис орталығының аренасында 31 шілде мен 2 тамыз аралығында әлемнің ең мықты 16 командасы бақ сынайды. Қатысушылар стратегия, командалық үйлесім және жедел шешім қабылдау қабілеті шешуші мәнге ие киберспорттың ең тартысты түрлерінің бірінде үздік атану үшін бақ сынайды.

Турнирге әлемге танымал Virtus.pro, Falcons, Twisted Minds және өзге де жетекші киберспорт клубтары қатысады. Командалар жанкүйерлерге тартысқа толы кездесулер мен жоғары деңгейдегі шебер ойын көрсетеді.

«Болашақ ойындары» заманауи технологиялар мен дәстүрлі спортты тоғыстырып, халықаралық киберспорт қауымдастығы үшін жаңа алаң қалыптастырады.

Турнир 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді. Жанкүйерлер әлемнің үздік командалары арасындағы тартысты бәсекені тікелей тамашалай алады. Іс-шараға кіру билет арқылы кіруге болады.