Аймақ

Алматыдағы ахуал тұрақты: полиция құқық бұзушылық саны азайғанын хабарлады

16:07, 09 желтоқсан 2025 33

Полиция департаментінің мәліметінше, Алматы қаласында қоғамдық тәртіп саласында оң динамика сақталып отыр.  Жыл басынан бері қалада тонау, ұрлық және көше қылмыстарының саны төмендеген, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
 
Мегаполистегі жедел жағдай тұрақты әрі толық бақылауда. Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, бұл көрсеткіштер – полицияның барлық қызметтерінің үйлескен жұмысының, сондай-ақ қала әкімдігі мен Ішкі істер министрлігінің қолдауының нәтижесі. 
Қоғамдық тәртіпті қорғау шараларын күшейтіп, бейнебақылау жүйесін және аналитикалық құралдарды кеңінен қолдандық, профилактикалық жұмысты да айтарлықтай жандандырдық. Қылмыстың азаюы – полицияның барлық бөлімшелерінің күнделікті жүйелі еңбегінің нәтижесі, – деді Арыстанғани Заппаров. 
 
Қалада бейнебақылау жүйесін жаңғырту жалғасуда. Бұл қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Ішкі істер министрлігі жариялаған 2025 жыл – профилактика жылы аясында полиция қызметкерлері кең ауқымды түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізуде: халықпен кездесулер, білім беру ұйымдарындағы дәрістер, тұрғын аудандардағы рейдтер, жасөспірімдермен және жүргізушілермен мақсатты профилактикалық шаралар ұйымдастырылып жатыр.
 
Алматы қаласының Полиция департаменті қылмысты азайту, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттыру және тұрғындардың ішкі істер органдарына деген сенімін нығайту бағытында кешенді шараларды жалғастыруда.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз