$ 475.31
 555.54
 6.05

Алғашқы алтын: Надежда Рябец Азия чемпионы атанды

Редактор
09.04.2026, 14:01
Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
Надежда бірінші раундта 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. 

Қазақстан құрамасының боксшысы Надежда Рябец Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Құрлықтық біріншілікте Рябец 80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Финалда ол Өзбекстан спортшысы Рухшона Парпиевамен кездесті.

Надежда бірінші раундта 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Екінші раундта да ол қарсыласынан белсендірек, дәл соққыларымен басым түсті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Надежда Рябец Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медальді сыйлады.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) ұлттық құрама қоржынына күміс медаль салған еді.