Қазақстандағы алаяқтық ұзақ уақыт бойы азаматтар үшін бас ауруына айналды: «банк қызметкерлерінен» телефон қоңыраулары, интернеттегі жалған хабарландырулар, күмәнді инвестициялардан алтын таулардың уәделері - мұндай схемалар көпшілікке таныс және күнсайын күрделене түсіп отыр. Бұл ретте прокуратура қызметкерлері қазақстандықтарға өз ақшаларын қалай қорғауға болатынын қарастырып, нақты кеңес берді.
Қазақстанда статистика не дейді?
2024 жылы интернет-алаяқтықтың 22 870 жағдайы тіркелді, ал 2025 жылдың 5 айында - 10 145.
Қай өңірлерде жиі алдайды?
Астана 2025 жылдың 5 айында 1548 жағдаймен көшбастап тұр, бұдан әрі Алматы қ. (1114), Қарағанды облысы (868), Павлодар облысы (861), Ақмола облысы (792).
Барлығы 2025 жылдың 5 айында алаяқтардан 17 909 адам зардап шекті, олардың ішінде 1131 зейнеткер мен 50 кәмелетке толмағандар. Биылғы 5 айда алаяқтар интернеттегі жалған хабарландыруларды (2104) және «банк қызметкерлерінен» (2118) қоңырауларды жиі қолданды, – делінген ведомство хабарламасында.
Тағы бір түрі – «инвестициялық» алаяқтық, онда адамдар жинақтарын жоғалтады, кейде қарызға батады.
Алаяқтарды ұстау және іздеу оңай емес, өйткені олар көбінесе шетелде отырады, осыған байланысты шетелдік құзырлы органдармен байланыс орнату маңызды.
Неліктен алаяқтар өркендеп жатыр?
Себептер бетінде жатыр. Интернет әр үйге еніп, онымен бірге жаңа тәуекелдер пайда болды. Көбісі ақпаратты тексермей бейтаныс адамдарға сенеді: зейнеткерлердің жартысы алдауды бірден танымайды. Прокуратура органдары Қазақстанның және басқа елдердің құқық қорғау органдарымен іс-қимылды үйлестіреді, бірақ алаяқтыққа қарсы басты қару- сіздің қырағылығыңыз.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
1. «Бейтаныс адамдарға сенбеңіз». Олар «банктен» қоңырау шалып, кодты немесе карта деректерін талап ете ме? Бұл – алаяқтар. Телефонды қойып, ресми сайттан көрсетілген нөмірге банкке қайта қоңырау шалыңыз;
2. «Онлайн мәмілелерді тексеріңіз». Интернеттен сатып аласыз ба? Сайттың қауіпсіз («https://» мекен-жайынан) және сатушы нақты екеніне көз жеткізіңіз. Тым төмен баға – дабыл белгісі;
3. «Инвестициядан» сақ болыңыз. Жылдам табыс уәде етілген бе? Компанияны ҚР Ұлттық Банкі арқылы тексеріңіз. Лицензиясы болмаса– бұл алдау;
4. «Алдын ала төлемеңіз». Хабарландыру сайттарында тауарды алғаннан кейін төлем жасауға немесе кездесуге келіссөздер жүргізіңіз;
5. «Деректерді қорғау». Құжаттардың суретін бейтаныс адамдарға жібермеңіз. Күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны орнатыңыз;
6. «Бірден хабарлаңыз». Егер сіз алданып қалсаңыз, шотты бұғаттау үшін дереу банкке хабарласыңыз және полицияға арыз беріңіз. Уақыт – сіздің одақтасыңыз.