Үндістан-Пәкістан қақтығысына байланысты Алматыдан Делиге ұшатын рейстер тоқтатылды деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы 8 мамырдағы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша KC 907/908 рейстерін тоқтатты.
Әуе компаниясы жолаушыларға билеттерін толық қайтаратынын мәлімдеді. Сонымен қатар, қазір әуе компаниясы Қазақстан азаматтары мен Air Astana-ның басқа да жолаушыларын елге қайтару үшін баламалы маршруттар бойынша репатриациялық рейстерді ұйымдастырып жатыр.
Айта кетейік, сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Үндістан Пәкістанға зымыранмен шабуыл жасаған еді. Көп ұзамай Пәкістан Үндістанға қарсы соққы жасады.