$ 454.31
 528.04
 5.25

«Ағылшын тілін білмейтін жігітпен сөйлесе алмайды»: Баян Алагөзова қызының болашақ жары туралы айтты

Редактор
08.09.2026, 08:51
видеодан скрин
видеодан скрин
Продюсердің сөзінше, Айару болашақ жігітін анасымен арнайы таныстырады деп ойламайды

Белгілі продюсер Баян Алагөзова қызы Айарудың жеке өмірі мен болашақ таңдауы туралы пікір білдірді. Ол қызының болашақ сүйіктісімен ортақ дүниетанымы мен әлеуметтік ортасы сәйкес болуы маңызды екенін айтты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Продюсердің сөзінше, Айару болашақ жігітін анасымен арнайы таныстырады деп ойламайды. Дегенмен қызының таңдауы белгілі бір сыннан өтетінін жасырмады.

«Айару жігітін менімен таныстырады деп ойламаймын, әрине, сыннан өтеді. Махаббаттарына қарсы болам-болмаймын деп кесіп айта алмаймын. Бірақ Айару әлеуметтік теңсіздіктің күні ертең отбасында үлкен әлеуметтік мәселелерге алып келетінін жақсы түсінеді», – дейді Баян Алагөзова.

Оның айтуынша, қызының араласатын ортасы, қызығушылығы мен өмір салты да болашақ серігін таңдауға әсер етуі мүмкін. Продюсер Айарудың гольф ойнайтынын, әлемнің түрлі музейлерінде болғанын, классикалық әдебиет пен музыканы жақсы білетінін атап өтті.

«Қызым арзан жерлерге бармайды, қымбат жерлерде жүреді. Гольф ойнайды, ол жерде ол кіммен танысады? Өзі сияқты көзі ашық жігіттермен танысады. Гольфты ақшасы жоқ адам ойнамайды ғой. Айару әлемнің түрлі музейлерінде болған. Лев Толстой сияқты жазушыларды оқыған. Классикалық музыканы жақсы біледі. Осы нәрселерді білмейтін жігітпен Айарудың әңгімесі жарасады деп ойламаймын. Ол ағылшын тілін білмейтін жігітпен сөйлесе алмайды, мысалы», – деді продюсер.

Осылайша, Баян Алагөзова қызының болашақ серігімен тек сезім жағынан емес, дүниетанымы, білімі мен қызығушылықтары жағынан да ортақ тіл табысуы маңызды екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау