Аймақ

Абай облысында ұлттық парк қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген

13:51, 14 мамыр 2025 313

Абай облысында прокурорлар ұлттық парк қызметкерлерінің жалған дипломдарын анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Үржар ауданының прокуратурасы 15 инспектордың жоғары білім туралы жалған диплом негізінде «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-не жұмысқа орналасқанын анықтады.
 
Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі («Көрінеу жалған құжатты пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз