Қоғам

«Қойыңдар, өлтіресіңдер ғой»: Шерзат ісі бойынша куәгерлерден жауап алынып жатыр

13:55, 05 мамыр 2025 146

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты қаралып жатқан сот ісінде Талғар қаласының тұрғыны Сәкен Әкежанов куәгер ретінде жауап берді,  деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ол оқиға болған түні көрген-білгенін айтты.

Мен ұйықтап жатқанмын. Екі тарс еткен дыбыс естілді. Мен мотокцикл деп ойладым. Сосын әйелдің даусын естідім. «Скорый» шақырыңдар дегендей болды. Балконға шықсам, он шақты жігіт жүгіріп бара жатыр. Бір жігітті тепкіледі. Мен «қойыңдар, өлтіресіңдер ғой» деп айқайладым, — деді куәгер Сәкен Әкежанов.

Әкежанов оқиға өте тез болғанын және жедел жәрдем мен полицияға бірден хабарласа алмағанын, себебі оқиға небәрі 1–2 минут ішінде аяқталғанын айтты.

Сотта қорғаушылар куәгердің тергеу кезіндегі жауабын нақтылауды сұрап, «Қолынан мылтықты тартып алды» деген жауабына сілтеме жасады. 

«Қолынан алды ма, жерден алды ма түсінбей қалдым. Бір затты алды да, сол затпен басынан ұрды», — деп жауап берді ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз