Қоғам

«Кісі өлтірді деп айыпталғандар күліп жүр»: Жасырын түсірілген видео бойынша тергеу басталды

11:50, 05 мамыр 2025 158

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы басталды,  деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сотта іс бойынша күдіктілердің сот залынан күліп шыққан видеосы талқыланды. Аталған кадрлар әлеуметтік желіде наразылық толқынын тудырған болатын. Сотта бұл бейнежазбаны кім түсіргені және ол қалай интернетке тарап кеткені жөнінде мәселе көтерілді.

Айыпталушылардың бірінің әкесі түсірілімді сот залында отырған белгісіз жас жігіт жүргізгенін айтты. Оның сөзінше, ол видеоға тек айыпталушыларды ғана емес, кәмелетке толмаған баланы да түсіріп алған.

Бұл бойынша сот тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі қосымша хабарланатын болады, – деді судья Ержан Жанұзақов.

Айта кетсек,  Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс 62 томнан тұрады, ал айыпталушылар орындығында 9 адам бар, олардың бірі кәмелетке толмаған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз