Аймақ

Жасөспірім қызды құтқаруға барған полицейді әкесі пышақпен жарақаттады

14:04, 20 сәуір 2025 131

Павлодарда қызметтік борышын атқару кезінде патрульдік полиция инспекторы жараланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, кеше таңертең сағат 06:30-да 15 жастағы қыз бала Павлодар ПБ «102» пультіне қоғырау шалып, әкесінің анасын ұрып-соғып жатқанын хабарлаған.

Аталған мекен-жайға полиция капитаны Алмаз Жақыпов пен полиция лейтенанты Исин Төлегеннен тұратын автопатруль дереу жіберілді.

Кіреберістегі қызметкерлерді өтініш берушінің өзі қарсы алды. Ол әкесі оны ұрып-соғып, содан кейін пәтерде анасын қырғынға ұшыратқанын түсіндірді. Ұстау әрекеті кезінде мас күйінде болған 40 жастағы ер адам белсенді қарсылық көрсетіп, полиция капитаны Алмаз Жақыповқа сол қолының буынына пышақ салды. Жарақат алғанына қарамастан, жанжалқор залалсыздандырылды және ұсталды, – делінген полиция хабарламасында.

Зардап шеккен полицейге медициналық көмек көрсетілді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұзақы ер адам орташа дәрежеде мас болған.

Шабуыл фактісі бойынша ҚР ҚК 380-бабы («Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану») және ҚР ҚК 109-1-бабы («Ұрып-соғу») бойынша қылмыстық істер қозғалды, – делінген хабарламада.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз