Елімізде біліксіз инвесторларды қорғау тетігі енгізілмек
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Дүниежүзілік Банкпен, Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) және қаржы нарығының жетекші сарапшыларымен бірлесіп, ұжымдық инвестициялар нарығын дамыту мақсатында «Инвестициялық қорлар туралы» жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр.