Үлескерлердің желге ұшқан ақшасы: Ақтөбеде 421 млн теңгенің дауы сотта қаралды

Редактор
09.04.2025, 17:32
Үлескерлердің желге ұшқан ақшасы: Ақтөбеде 421 млн теңгенің дауы сотта қаралды
Облыста жалпы саны 11 проблемалық үлескерлік құрылыс нысаны тіркелген

Ақтөбеде үлескерлердің ақшасын жымқырған құрылыс компаниясының басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, «Жилище» құрылыс компаниясының төрағасына қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеу аяқталып, қылмыстық іс 2 сәуір күні сотқа жолданды. Тергеу барысында анықталғандай, 75 үлескер тұрғын үй құрылысына 421 миллион теңгеден астам қаражат салғанымен, компания Ақтөбе қаласында уәде етілген екі үйді тұрғызбаған.

Облыста жалпы саны 11 проблемалық үлескерлік құрылыс нысаны тіркелген. Бұл істер бойынша 745 адам жәбірленуші ретінде танылып, келтірілген жалпы шығын көлемі 5,6 миллиард теңгені құрап отыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетсек, өткен жылы өңірде 5 құрылыс компаниясының басшылары сотталып, 8 құрылыс нысаны бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылған.