Түркістан облысында қайғылы оқиға болып, үш адам қаза тапты

Редактор
21.01.2026, 14:30
Түркістан облысында қайғылы оқиға болып, үш адам қаза тапты
Түркістан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
 
Қайғылы оқиға Қазығұрт ауданындағы "Қазығұрт-Жібек жолы" тас жолында болды.
 

Kia көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, HAVAL маркалы көлікпен соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында 3 адам қаза тауып, бірнеше адам медициналық мекемеге жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.
 
Полиция жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және жолда мұқият болуға шақырды.