Түркістан облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

Редактор
03.02.2025, 23:00
Түркістан облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды
Полиция қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бүгін Кентау-Түркістан тасжолының 5-шақырымында «Ауди» маркалы екі бірдей көліктің қатысуымен жол апаты болып, соңынан өрт шықты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, екіншісімен соқтығысқан. Апат салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 адам түрлі дене жарақатымен Кентау қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды, – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады.