Тоқаев Түркия президентін құттықтады

Редактор
26.02.2025, 22:48
Тоқаев Түркия президентін құттықтады
Мемлекет басшысы бауырлас халыққа игі тілектерін жеткізді

Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Президент Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.