$ 460.8
 541.21
 6.13

Тоқаев Путинмен бұған дейін уағдаласқан мәселелерді талқылады

Редактор
06.03.2025, 23:31
Ақорда
Ақорда
Тараптар телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады, соның ішінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты іске асырылып жатқанын мәлімдеді.