Тоқаев пен Мирзиёев Алматыда бейресми кездеспек

Редактор
28.03.2025, 20:55
Тоқаев пен Мирзиёев Алматыда бейресми кездеспек
Президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралайды

29 наурызда Алматыда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақорда ақпаратына сәйкес, мемлекет басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр. 

Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.