Тоқаев Грекия президентін құттықтады

Редактор
25.03.2025, 17:43
Тоқаев Грекия президентін құттықтады
Мемлекет басшысы достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі

Мемлекет басшысы Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Президент Астана мен Афина арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдердің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.