Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады

Редактор
17.03.2025, 17:38
Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады
Мейман Халықаралық орыс тілі ұйымы бас хатшысының орынбасарлығына ұсынылған

Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мемлекет басшысы Халықаралық орыс тілі ұйымы Бас хатшысының орынбасарлығына ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады.

Аталған құрылым мүше мемлекеттермен гуманитарлық бастамаларды ілгерілету, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. Ұйымның Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан секілді алты құрылтайшысы бар.