Тоқаев Александр Лукашенконы құттықтады

Редактор
27.01.2025, 19:13
Тоқаев Александр Лукашенконы құттықтады
Тараптар өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.