Жоғарғы сот Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысын ашық өткізудің мүмкіндігін айтты.


Жоғарғы сот Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысын ашық өткізудің мүмкіндігін айтты, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.  

«Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жердегі сотта қаралуға жатады (ҚР ҚПК 314-бабының 1-бөлігі). Алматы облысында сот отырыстары ашық өткізілуі жөнінде шешім қабылданған жағдайда, БАҚ өкілдерінің қатысуымен тиісті деңгейде өткізу мүмкіншілігі бар. Журналистер ашық сот процесіне қатыса отырып, процеске қатысушылардың дербес деректерге құқықтарын қорғауды ескере отырып, төрағалық етуші судьяның рұқсатымен сот залынан ақпаратты БАҚ-қа таратуға құқылы».

Сот органындағылар әзірге Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс-материалдары сотқа түспегенін еске салған. 

«Осыған орай соттың ашық өтуі туралы ұсыныстар түскен жоқ. Процессуалдық заңнамаға сәйкес онлайн-трансляция туралы шешімді іс бойынша төрағалық етуші судья процеске қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, қабылдайды (ҚР ҚПК 345-бабының 6-бөлігі, ҚР АПК 19-бабының 7-бөлігі)», - деп жазды Жоғарғы сот өкілдері.