Шерзат Болат ісі: облыс пен аудан прокуроры қызметінен кетті
yerbol
62
Талғарда болған жасөспірімнің өлімінен кейін жергілікті прокурорлар орнынан алынып жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Бас прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметінен алынған.
Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды, делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Бәкіров пен Бекмановтың қызметінде қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша елеулі кемшіліктерге жол берілген.
Бұған дейін Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков, Талғар әкімінің орынбасары Матан Сағындық, сондай-ақ Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметтерінен босатылған еді.