Танымал әнші Сәкен Майғазиев дүркіретіп екі мың адамға той жасамақ Қазір өнер иесі тойдың қызу дайындығына кіріскен, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Өнер жұлдызы ұлы Әділет пен болашақ келіні Әдияның тойына дайындық барысы жайлы Istagram желісінде бөлісті. Шақырту таратудың өзіне біраз әбігер болғанын жазып, екіойлы қонақтардың жауабынан шаршағанын мәлімдеді.
Тойды ұйымдастыруды танымал продюсер Жан Мұқанов мойнына алыпты.
Бұл Сәкен мен Динара Майғазиевтердің жалғыз ұлының үлкен қуанышы. Жай ғана қуаныш емес - елдің мәдени өміріндегі ерекше сәт. Сол себепті мен бас продюсер ретінде барлық декораторларды, дизайнерлерді, ұйымдастырушыларды, өнер мен сұлулықты түсінетін серіктестерді ресми түрде шақырамын - бірге үлкен мәдени оқиғаны жасап шығарайық, - деп жазды продюсер.
Кешке жалпы саны 2 мың адам шақырылған. Алайда, мейрамханада әрі кетсе мың адамға орын бар екен. Сондықтан, Жан Мұқанов та тізімнен кімді сызамын деп ойланып отырғанын жазды.
Продюсер бұл тойды барынша ерекше қылып ұйымдастырмақ. Онда қызыл кілем, тойдың тікелей көрсетілімі де болады деді ол.
Айта кетейік, «МузАРТ» тобының мүшесі жаңаөзендіктермен құда болғалы жатыр.
Сәкен Майғазиевтің шаңырағындағы құдалық маусымның алтысында өтеді.