Рекорд: Бауырсақ пісірген қазақ ауылы Гиннеске енді
zaira
17
Қостанай облысы Қамысты ауылының тұрғындары «Бауырсақ-Фест» фестивалін ұйымдастырған. Оған 60 ұйым қатысқан
Қостанай облысы Қамысты ауылының тұрғындары «Бауырсақ-Фест» фестивалін ұйымдастырған. Оған 60 ұйым қатысқан. Рекордты растау үшін ауданға Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі келген. Ауыл тұрғындары барлығы 2339 келі 650 грамм бауырсақ пісіріп үлгерген. Бұрын-соңды елімізде мұндай көлемде бауырсақ пісірілген емес, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұл қостанайлықтардың бірінші әлемдік рекорды емес. Өткен жылы олар бір күнде 2300 қар адамын жасап, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын, -деп жазады Egemen.kz жазады.
«Осындай іс-шаралардың аудан көлемінде ұйымдастырылғаны өте жақсы. Барлығымыз жиналып, қатыса аламыз. Өте қызықты. Бізді бір мақсат біріктіреді, өңірімізді жерге қаратпауға тырысамыз», дейді ауыл тұрғыны.