Қырғызстанда билікті басып алуға дайындалған 7 күдікті ұсталды
Қырғызстанда билікті басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған 7 адам қамауға алынды.
Қырғызстанда билікті басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған 7 адам қамауға алынды. Қырғызстан Ішкі істер министрлігі билікті күшпен басып алу үшін жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болған күдіктілердің ұсталғанын жариялады, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ұйымдасқан топ жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, билікті күшпен басып алу мақсатында құрылған.
– Бішкек төңірегінде спорттық ойындар мен басқа да жарыстар өткізу жоспарланған. Ұлттық спорт ойындарын өткіземіз деген сылтаумен олар 2024 жылғы 17 қарашада өтетін жергілікті кеңес сайлауы күні күш көрсетуге үндеп, конституцияға қайшы шақыруларды насихаттап, кейіннен билікті күшпен басып алу арқылы жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген, – дейді Ішкі істер министрлігі.
Материалдар негізінде Қырғызстан Ішкі істер министрлігі Қырғызстан ҚК 36-278-бабы, 1-бөлігі бойынша жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Тергеуде топтың 7 мүшесі тұтқындалды, арасында Қырғызстанда туғандармен қатар шетелдіктер де бар.
Топқа тиесілі қоймадан 1000 бөтелке арақ, 2000 бөтелке минералды су, 1 тонна күріш, 1 союға арналған жылқы, жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға ас дайындайтын өнімдер тәркіленген.