Қырғызстанның министрлер кабинеті елден көмірді ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге автомобильмен әкетуге уақытша тыйым салды.


Қырғызстанның министрлер кабинеті елден көмірді ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге автомобильмен әкетуге уақытша тыйым салды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қаулыға сәйкес, алты ай мерзімге тыйым салынған.

Айта кетейік, «Иркештам-автодорожный» және «Торугарт-автодорожный» автомобиль өткізу бекеттеріне қатысты шектеу жоқ.

Бұған дейін елде Қырғыз Республикасы азаматтарының денсаулығын контрафактілік, сертификаты жоқ темекіні тұтынудан қорғау мақсатында елге темекі әкелуге уақытша тыйым салынған еді.