Қамысты ауылында «Бауырсақ fest» өтті


Қамысты ауданына Гиннесс рекорды тіркелді. Ол үшін ҚИнЭС-тің ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов келді. Ауыл тұрғындары үлкен көлемде жалпы салмағы 2100 келі тартатын бауырсақ дайындап, әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қамысты ауылының орталық алаңына үш киіз үй, бес үлкен шатыр орнатылып, көп мөлшерде ошақ қойылып, көп отын дайындалды. Таңертеңнен бастап алаңда дайындық жұмыстары жүргізілді. Түске қарай аудан тұрғындары алғашқы бауырсақтарды дайындай бастады. «Бауырсақ fest» қатысушылары бірлесе әрекет етіп, бір жүйе ретінде жұмыс істеді: біреулер қамырды илесе, басқалары кесіп, үшіншілері қуырып, соңғылары олардың санын мұқият есептеді.

Дайындықтың алғашқы күнінің соңына қарай камыстылықтар шамамен бір тонна бауырсақ пісіріп үлгерді! Ал 8 қарашада Камысты тұрғындары Гиннесс рекордын орнатты. Нәтижесінде 2 339 келі 650 грамм бауырсақ дайындалды!