Қазақстан атом энергиясын өндіруді үш есеге арттырмақ.ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов бұл тұрақты және экологиялық таза болашаққа жасалған маңызды қадам екенін айтты, - деп хабарлайды...


Қазақстан атом энергиясын өндіруді үш есеге арттырмақ.
ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов бұл тұрақты және экологиялық таза болашаққа жасалған маңызды қадам екенін айтты, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қазақстан 2050 жылға қарай атом энергиясын пайдалануды үш есеге ұлғайту жөніндегі декларацияға қосылды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Бакуде өткен БҰҰ-ның климаттың өзгеруі бойынша COP29 конференциясында ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Энергетика министрлігінің өкілі декарбонизация мәселелеріне арналған халықаралық пікірталасқа қатысты.

«Қазақстанның 2050 жылға қарай ядролық энергетиканы үш есеге ұлғайту жөніндегі декларацияға қосылуы тұрақты және экологиялық таза болашаққа жасаған маңызды қадамымыз», - деп атап өтті Сұңғат Есімханов.

Қазақстан бұл бастаманы қолдаған бірқатар елдердің қатарына қосылды, соның ішінде Канада, Франция, Ұлыбритания, Жапония және т.б.

Республика тұрақты дамуға және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі жаһандық күш-жігерге үлес қоса отырып, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр.