Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда. Қазақстан президентін АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. "Ертең мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, "Орталық Азия – АҚШ" саммитіне қатысады", - деп жазылған хабарламада. Президентті АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.