Алматылықтар чемпиондықты үш жылдан кейін қайта иеленді


Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы (ҚПЛ) командалары арасында өткен ел чемпионаты аяқталды. Алматылық «Қайрат» араға 3 жыл салып алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Шешуші ойында «Қайрат» сырт алаңда «Атырауды» 1:0 есебімен жеңіп, чемпиондықты иеленді. Қонақтар құрамындағы маңызды голды 59-минутта грузиялық легионер Григорий Зария 11 метрлік айып добынан соқты. Бұл айып добы бразилиялық Жоао Паулоны шалып құлатқаны үшін берілген болатын.

Осылайша алматылық команда 2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.

Күміс медальді қатарынан екінші жыл елордалық «Астана» жеңіп алды. Григорий Бабаянның командасы соңғы 26-турда «Жетісуды» 5:0 есебімен ойсырата ұтты.

Қола медальді ҚПЛ-2024 маусымында «Ақтөбе» футболшылары иеленді. Олар маусымның соңғы матчында Түркістан облысының «Тұран» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Былтырғы ел чемпионы «Ордабасы» бұл маусымда чемпиондық атағынан айрылып, турнирлік кестеде 4-орында қалды. Соңғы ойында олар «Елімайдан» 2:1 есебімен басым түсті.