Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды
editor2
34
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.
Осыдан соң Мемлекет басшысы Бішкектегі «Ынтымақ Ордо» ғимаратына келді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитіне қатысушылардың бірге түскен суреті жарияланды.