Президент әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды

Редактор
11.03.2025, 21:07
Президент әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды
Мемлекет басшысы тиісті өкімдерге қол қойды

Президент әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақорда ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенов Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Айжан Шайназарова лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Қанат Құлшыманов Президент әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.