Павлодарда пансионат қызметкерлері мүгедектігі бар зейнеткерлерді ұрып-соққан

Редактор
14.01.2025, 15:34
Павлодарда пансионат қызметкерлері мүгедектігі бар зейнеткерлерді ұрып-соққан
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды

Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Қала прокуратурасы ақпаратына сәйкес, пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқығын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеп, ұрып-соқты) және қайтыс болған адамдардың пәтерлерін ұзақ уақыт бойы жалға беріп келген.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды, – делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.