Өскемен көшелерін күтіп ұстауға бөлінген 120 млн теңге жымқырылғаны анықталды

Редактор
03.11.2025, 19:40
Өскемен көшелерін күтіп ұстауға бөлінген 120 млн теңге жымқырылғаны анықталды
Қаржы мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы департаменті "Таза Өскемен" коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры, оның орынбасары мен екі жеке кәсіпкерге қатысты ақша жымқыру ісін...

"Қылмыстық схеманың мәні – материалдарды жеткізу және техниканы жалға алу бойынша жалған құжаттар рәсімдеуде болған. Атап айтқанда, құжаттарда жолдарды жөндеуге арналған битум мен құм сатып алу, суды соруға арналған арнайы техника жалдау, сондай-ақ бұған дейін орнатылған 23 аялдама павильонын жасауға қажетті материалдар сатып алу туралы жалған деректер жазылған. Кейін бұл қаражат жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген", - деп хабарлайды ҚМА өкілі.

Тергеу жалғасып жатыр.