Павлодар облысында өгей әке оқушы қызын зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Жасөспірім жақынының айуандыққа барғанын мұғаліміне жайып салған.


Павлодар облысында өгей әке оқушы қызын зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Жасөспірім жақынының айуандыққа барғанын мұғаліміне жайып салған. Жәбір көрген қыз бала қазір Екібастұз қаласындағы ауруханада жатыр. Балалар құқығын қорғайтын өкіл оны қамқорлығына алыпты. Омбудсменнің сөзінше, соңғы кездері тұйықталып қалған оқушысынан сынып жетекшісі сыр тартады. Сол кезде ол өгей әкесінен жәбір көріп жүргенін айтқан. Біршама уақыттан бері төсекке сүйреп, зорлап жүріпті, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мұғалім дереу тәртіп сақшыларына хабар беріп, өгей әкесі абақтыға қамалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Ал оқушының анасы бұл сұмдықтан әбейхабар болдымә деп отыр. Зорланған қызбен тағы бір ұлы бірінші некесінен болса, күдіктіден екі ұлы бар екен. 

Сәуле Шәкенова, балалар құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл:

— Қыздың анасы күдіктімен заңды некеде болған. Баласына қатысты жасалған қылмыстан хабарсыз болдым деп отыр. Ал оқушымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Былай, ашылып сөйлейді. Тек зорлық туралы айтқанда тұйықталып қалады. Өгей әкесі зорлауға қатысты «біреуге айтсаң, анаң мен бауырларыңды өлтіремін» деп қорқытты дейді.