Заңсыз контрабанданың жолы кесілді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz


ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметше,  17 қазан күні «Қорғас» халықаралық орталығында елден 991 дана киік мүйізін алып кетпек болғандар ұстады. ҰҚК және  өңірлік полиция бөлімшелерінің жедел әрекет етуінің нәтижесінде контрабанданың жолы кесілді. 

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады.

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.