Өскемен қаласындағы мектеп есепшілері 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілікті. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Өскемен қаласындағы мектеп есепшілері 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілікті. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Өскемендегі мектептің 2 есепшісіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. 

«Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының екі есепшісі алдын ала сөз байласып 120 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілікті», - деп хабарлады Антикордан. 

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, есепшілер бес жыл бойы өз шоттарына жоғарылатылған жалақы мен басқа да төлемдерді аударып отырған.