Маңғыстау облысында 50-ге жуық жүк көлігі қар құрсауында қалып қойған

Редактор
03.03.2025, 17:07
Маңғыстау облысында 50-ге жуық жүк көлігі қар құрсауында қалып қойған
ТЖМ құтқарушылары 48 жүк көлігін қар құрсауынан сүйреп шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.Ақпаратқа сәйкес, бүгін түнде Маңғыстау облысы Қарақия ауданында Қазақстан-Түрікменстан тасжолының...

ТЖМ құтқарушылары 48 жүк көлігін қар құрсауынан сүйреп шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бүгін түнде Маңғыстау облысы Қарақия ауданында Қазақстан-Түрікменстан тасжолының Жаңаөзен қаласынан 170 шақырым жерінде қарлы боран салдарынан 50-ге жуық жүк көлігі тұрып қалған.

ТЖМ қызметкерлері Жаңаөзен қаласынанборанда тұрып қалған адамдарға жетіп, көліктерді сүйреп шығарып, асудан өтіп кетуге көмектесті. Жүк көліктерінің жүргізушілері өз сапарларын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.